Абай облысында эвакуацияланған тұрғындардың үйлерін полицейлер күзетуде

40

Абай облысында жағдай әлі де күрделі.  Тәртіп сақшылары Талица ауылынан және оған іргелес елді мекендерден – Тепкаши және Половинка ауылдарынан облыс орталығына 107 тұрғынды эвакуациялады.

Полицейлер әр үйді аралап, олардың өміріне қауіп төніп тұрғандықтан тұрғындарды үйлерінен кетуге көндірді. Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері төтенше жағдай кезінде күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Абай облысындағы алапат орман өрті қаупінен эвакуацияланған ауыл тұрғындарының үйлері мен жеке мүлкі полицейлердің қарауында.