19-25 маусым аралығында Жедел басқару орталығының «102» арнасына 9172 әртүрлі сипаттағы қоңырау келіп түсті. Оның 4496-сы тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, қала аумағында орнатылған бейнекамералардың көмегімен 6 қылмыстың ізі суымай ашылды. Оның ішінде, 4 ұрлық, 2 тонау жайты бар.
Нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1279 хаттама толтырылған. Атап айтқанда, жол ережесіне қатысты — 690, нөлдік төзімділік бойынша – 391 және басқада 198 хаттама толтырылды.