Биыл Шымкентте қанағаттанарлық жағдайдағы жол үлесі 71 пайызға жетеді

45

Шымкентте соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жолайрық пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз брифингте айтты.

Мегаполис басшысының сөзінше, бұған дейін халықты инфрақұрылыммен қамтуда ауыз су, электр, табиғи газ мәселесін шешуге баса назар аударылып келген. Ал аталған мәселелер шешімін тапқан соң көлік инфрақұрылымын дамытуға мән беріліп жатыр.

Ол үшін биыл бюджеттен 38,0 млрд теңге қаралды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп. Нәтижесінде мегаполисте жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 2018 жылғы 54 пайыздан биыл 71 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.