Еліміздің халықаралық резерві 94,6 млрд. долларға жеткен

40
Фото Атамекен

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов  үкімет отырысында еліміздің халықаралық резерві 94,6 млрд. долларға жеткенін баяндады.

«Жалпы халықаралық резервтер мамыр айының соңында 94,6 млрд. долларды құрады. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің ұлғаюына байланысты Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан бастап 1,1 пайызға немесе 35,5 млрд. долларға дейін 0,4 млрд. долларға ұлғайды», – деді Ұлттық банк  төрағасы.

Оның дерегінше, Ұлттық қордың активтері жыл басынан бастап әлемдік индекстердің өсуі есебінен 6,1 пайызға немесе 59,1 млрд. долларға дейін 3,4 млрд. долларға артты.

«Ұлттық қордан республикалық бюджетке 1,9 трлн. теңгеге трансферттер бөлу үшін жыл басынан бастап 2,9 млрд. долларға валюталық активтер сатылды. Қорға жыл басынан бастап түскен жиынтық қаражат 2,4 трлн. теңгені құрады», – деді Ғалымжан Пірматов.