«Кортеж» жүргізушілері жауапқа тартылды

51

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, тәртіп сақшыларының назарына Төлеби ауданы жолдарының бірінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің бейнежазбасы ілінді.

Төлеби АПБ қызметкерлері жүргізген іс-шара кезінде құқық бұзушы «Тойота Лэнд Крузер» және «Тойота Камри» автокөліктерінің жүргізушілері, яғни Қазығұрт ауданының тұрғындары анықталды.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау) мен ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі (маневр жасау ережелерін бұзу) бойынша хаттамалар толтырылды. Аталған көлік құралдары айыптұраққа қойылды.