«Тойыңды болдырмай қоямыз»: Екі қыз «қалыңдыққа опасыздық жасаған» видеосын көрсетеміз деп ақша бопсалаған

248

«Тойыңды болдырмай қоямыз». Шымкентте күйеу жігіттен екі қыз «қалыңдыққа опасыздық жасаған» видеосын көрсетеміз деп ақша бопсалаған. Шарасыз жігіт Әл-Фараби ауданының полицейлеріне бопсалау туралы арызбен жүгінді.

 Жәбірленушінің айтуынша, екі қыз оның ескі танысы, ер адамды алдап үйіне шақырған. Жігіт пәтерге кірген бойда қыздардың бірі болып жатқан жайтты жалған сипаттап, оны смартфонға түсіре бастаған.
 Алдағы үйлену тойын білген құрбы қыздар күйеу жігіттен видеоны өшіру үшін 200 мың теңге талап етіп, жазбаны қалыңдыққа көрсетеміз, тойдыңды бұзамыз деп қорқытқан.
Сүйіктісін жоғалтқысы келмеген ер адам олармен келісімге келіп, оқиға туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары қыздарды қылмыс үстінде ұстады.