Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның үздік 5 туристік қаласының тізімін жасады. 1-орында- Алматы. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында оңтүстік мегаполиске 1 185 130 адам саяхаттап келген. Алматыға әсіресе шетелдік туристер жиі тоқтайды.
2-орында Астана. 3-орында — қонақжайлығы бойынша ешкімге есе жібермейтін Шымкент орналасты. Қаңтар-сәуір аралығында шырайлы шаһарға 346 280 адам саяхаттап барған. Мұнда кез келген турист көңілі қалаған демалысты таңдай алады.
Төртінші сатыда — Ақтау қаласы. Биыл қаңтар-сәуір аралығында Ақтауға 220 660 қонақ келген. Атырау қаласы да туристер саны бойынша үздіктер қатарында. Төрт айда қалаға 305 460 қонақ келген.