Оқу-ағарту министрлігі қыркүйек айында тәрбиешілердің жалақысы 30 пайызға өсетінін хабарлады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25%-ке өсті. Биыл 1 қыркүйектен бастап тағы 30%-ке өседі. Осылайша еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есеге артады», — дейді мектепке дейінгі білім департаментінің мамандары.
Бүгінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша кадрлар даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде жүзеге асырылады.
Педагогикалық колледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды.
Биыл биыл мектепке дейінгі білім берудің 20 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.