Шымкентте ірі өрт сөндірілді

27

Шымкенттегі Қаратау ауданында құрғақ шөп өртеніп, тілсіз жау жалпы аумағы 1 гектарды құрады. 28 маусым сағат 13:37-де «Наурыз саябағы» тұрғын үй кешенінің артындағы Қаратау ауданы, Бәйдібек би даңғылының бойында 1 га аумақта құрғақ шөп пен қоқыс өртенді.

«Өрт 14:15-те анықталып, 15:15-те толығымен сөндірілді, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп хабарлады Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен.

Оқиға орнына Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 13 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.