Сот кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтарын қорғады

35
фото Азаттық рухы

Түлкібас аудандық соты бұрынғы қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтірді. Талапкерлер, ЖШС-нің бас директорының атына еңбекақы бойынша берешекті және БЖЗҚ-ға міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұлды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сотта ЖШС басшылығы талап қоюшылармен дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы бітімгершілік келісімге келіп, соттан дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Бітімгершілік келісімге сәйкес, жауапкер ЖШС осы келісім бекітілген күннен бастап 1 ай ішінде жалақы бойынша берешекті төлеуге міндеттенді.
Өз кезегінде, талапкерлер медиациялық келісімнің жасалуына байланысты өз талаптарынан бас тартып, азаматтық істі қысқарту туралы өтінішхат берді.
Сот ұйғарымымен еңбекақы бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық іс, медиация тәртібімен реттеуге байланысты өндірістен тоқтатылды.