Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен сотқа берілген Б.А.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды. Бұл туралы Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Азамат Б.А. 2023 жылғы 10 наурызда «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жәбірленуші Б.Н. туралы «алаяқтық дерегімен басталған қылмыстық іс бойынша Б.Н.-ді күдікті болып танылған»- деген, көрінеу жалған мәліметті жариялап, жәбірленуші Б.Н.-ның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiрген.
Іс бойынша анықталғандай, іс құжаттарындағы сот сараптамасының қорытындысымен, сотта жауап берген тергеушінің жауаптарымен, жартылай Б.А.-ның өзі және куә А.Н.-нің сотта берген жауаптарымен, Шымкент бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының құжаттарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және басқа да іс құжаттарымен дәлелденеді.
Б.А. ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылды. Қаулы заңды күшіне енбеген.