«Ауыл аманаты» бойынша 75 кооператив құрылды

39

Түркістанда «Ауыл аманаты» жобасы аясында  75 кооператив құрылды. Ал кәсіпкерлікті дамытып, жоба негізінде жаңа жұмыс орнын құру үшін бюджеттен 20 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Сонымен қатар халықтың жағдайын жақсарту мақсатында азық-түлік өнімдері бағасын тұрақтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. 

Түркістанда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 75 кооператив құрылды. Ол үшін бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазір кәсіпкерлерден жоба негізінде 7,9 млрд. теңгенің өтініші қабылданды. Оның ішінде 5 млрд. теңгенің ұсынысы мақұлданды.

Файзулла Байдуллаев, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасы: «Жобаны қаржыландыруға 19,8 млрд. теңге қаралып, бірінші транс ретінде 11 млрд. теңге бөлінді. Қосымша 8,8 млрд. теңге ағымдағы жылдың шілде соңына дейін түседі деп күтілуде»

Жоба аясында жұмыссыздық көрсеткішін төмендету үшін бос орындар ашуға күш салынып жатыр. Сондықтан мамандар АӘК алушыларға қолдау көрсетіп, жеке бизнесін ашуға көмек көрсетуде. Десе де облыс әкімі кей жобалардың нақты жүзеге аспай жатқанын айтады.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Тікелей аудан әкімдері сіздер ұсыныс беріңіздер. Әр ауданнан 20-30 АӘК алатын тұрғындарға көмек көрсетіңдер. Біз ауылдарға барғанда АӘК алатындар бізге грант беріңдер, басқа беріңдер деп жатады. Кәсіптік оқуға жіберіп, көмектесіңдер. Біздің міндет осы әлеуметтік төмен отбасылардың жағдайын жақсарту»

Сонымен қатар, халықтың жағдайын жақсарту мақсатында азық-түлік бағасын тұрақтандыру қолға алынды. Ол үшін 2022 жылы 1 млрд. теңге бөлінсе, биыл ақпан айында 3,4 млрд. теңге қаралды. Қазір қаражат «Айналым схемасы» жобасы аясында жұмсалып жатыр.