Күдіктілерден қару-жарақ пен есірткі тәркіленді

48

Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері іс-шара барысында, заңсыз қару сақтау мен есірткі заттарын сатумен айналысатын тұлғаларды анықтады.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Төлеби ауданының екі тұрғынын ұстады. Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктінің бірінен ішінде есірткіге ұқсас заты бар 5 орама мен шыны ыдыс, сондай-ақ басқа да айғақты заттарды тапты. Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі жалпы салмағы шамамен 100 гр болатын «марихуана» болып шықты.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері екінші күдіктінің үйіне тінту жүргізіп, оның шатырынан 16 калибрлі екі ұңғылы шолақ мылтық тәркіледі.
Бұл факті ҚР ҚК-нің 297-бабының «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» және ҚР ҚК-нің 287-бабының «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру».
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.