Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының тауар-шикізат цехында жұмыс уақытында қайтыс болған екі жұмысшының өліміне қатысты күдіктілер ұсталды. Бұдан бұрын полиция адам өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу жайты бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.
«Іс бойынша екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде»
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ
Қайғылы оқиға 26 тамыз күні түсте болған. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті автокөтергіш техникасымен биікте жұмыс істеп жатқан 62 және 52 жастағы жұмысшы жазатайым жағдайда мерт болғанын мәлімдеген. Жұмыс кезінде техника аударылып кеткен.
Дилара Иса






