Құтқарушылар құлап қалған қарт адамға көмек көрсетті

42

 

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің « 112» құтқару қызметіне Шымкент қ. А. Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде есік ашылмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі тез жетіп,  пәтер ішінде егде жастағы  ер кісі құлап қалғаны және өздігінен есікту ашу мүмкіндігі жоқтығын анықтаған.

Арнайы құрал-саймандармен құтқарушылар пәтерді сыртынан ашып, ішінен тағы да есік болғандықтан 1938 жылғы қарт атаның туысы оны кілтімен ашты. Пәтердің ішінде еденге құлаған 83 жастағы атаға құтқарушылар көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.