Әріптесінің үйіне қонаққа барған шымкенттік үй иесінің телефонын ұрлап, несие рәсімдеген

83
фото lenta.ru

Тұран ауданының тұрғыны қымбат маркалы ұялы телефоны ұрланғанын айтып, полицияға арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ұры бұдан бөлек смартфон арқылы банк қосымшасынан 1 миллион теңгеден астам онлайн-несие рәсімдеп үлгерген. Бұл туралы ер адам барлық мобильді бағдарламаларды жаңа ұялы телефонға жүктеген кезде білген.

Тергеушілер Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігінде көзделген «ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу арқылы жасалған ұрлық» бойынша тергеуді бастады.
Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған қажетті іс-шараларды қабылдады.
Белгілі болғандай, арызданушының үйіне түскі асқа шақырған әріптесі ұялы телефонды заңсыз иемденіп, несие рәсімдеген.
Күдікті сол күні полиция басқармасына жеткізілді. Тергеушілер оның телефонды танысына сатып жібергенін анықтады. Ұрланған мүлік заңды иесіне қайтарылды.
Барлық айғақтарды жинаған полицейлер қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жіберді. Сот үкіміне сәйкес, бұл қылмысты жасағаны үшін ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды.