Ішінде миллион теңгесі бар әмиянды жоғалтып алды…

49
фото Закон.кз

Абай АПБ-ның “102” арнасы арқылы Умида Абдумуталипқызы есімді азаматша арызданды. Қала тұрғынының айтуынша, ол сауда орталығында жүргенде қомақты ақшасы, құжаттары мен банк карталары салынған әмиянын жоғалтып алған.

Бір сағатқа жуық уақыт бойы өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң әйел полицейлердің көмегіне жүгінуді шешкен.
Шақырту бойынша оқиға орнына №1 учаскелік пунктінің инспекторлары жетті, олар азаматшадан мән-жайды нақтылап, оның жүрген жолы бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде полиция қызметкері Нұрбол Төлендібаев дүкендердің біріндегі креслоның астынан әмиян тауып алып, оны барлық заттарымен заңды иесіне қайтарып берді.
Өз кезегінде Умида Абдумуталипқызы тәртіп сақшысының жедел жұмысы мен адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді.
Учаскелік полиция қызметкері оның көмегіне мұқтаж жандардың үмітін ақтауға әрқашан бар күш-жігерін салатынын атап өтті. « Алғысқа толы көзді көруден артық ештеңе жоқ», — деп бөлісті Нұрбол.