Шымкент авиабазасында мамандық бойынша сабақтар ай сайын өткізіледі

32

 

Шымкент авиабазасында ай сайын инженерлік-техникалық құрам мен қамтамасыз ету бөлімшелерінің әскери қызметшілері санатымен мамандық бойынша сабақтар өткізіледі. Ол үшін авиациялық бөлімде 52 оқу тобы құрылған және мамандықтар бойынша бөлінген, ал топ жетекшілері болып тәжірибелі нұсқаушылар тағайындалған.

Оқу топтарымен сабақтар казармада, оқу корпусында, тактикалық алаңда, сондай-ақ оқу полигондарында өткізіледі. Сабақ барысында интерактивті тақталар, бейнероликтер және көрнекі құралдар қолданылады.

Мамандық бойынша даярлау авиациялық бөлімдердің жеке құрамының жауынгерлік даярлығының негізгі түрі болып табылады және лауазымдық міндеттеріне сәйкес авиациялық техникаға қызмет көрсету мен пайдаланудың теориялық білімін үнемі арттыру және практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ келетін толықтыруды іске қосу мақсатында өткізіледі.

Авиациялық база сержанты бірінші сыныпты сержант Толқынжан Ходиметов атап өткендей, өткізілетін сабақтар әрбір маманның кәсіби өсуіне ықпал етеді. Осы кезеңде әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін зерттейді, өзіне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен техниканың материалдық бөлігін игереді, оқу пәндері бойынша жақсы теориялық білім алады және оларды практикамен бекітеді.

– Ұшқыш қойылған міндеттерді базадан едәуір қашықтықта, күндіз-түні, қарапайым және күрделі метеожағдайларда орындай алуы үшін әуе кемесін дайындаумен және қызмет көрсетумен айналысатын инженерлік-техникалық құрамы жақсы дайындалған әскери қызметшілер болуы қажет, – деп толықтырды бірінші сыныпты сержант Толқынжан Ходиметов.

Мамандық бойынша дайындық әр айда үш күн өтеді және оқу кезеңінің соңына дейін жалғасады. Сабақтар жауынгерлік даярлық бойынша ұйымдастырушылық нұсқауларға, ұшу құрамы мен штаб офицерлерінің жердегі даярлық курстарына, сондай-ақ ҚР ҚК ӘҚҚ авиациялық бөлімдерінің инженерлік-техникалық құрамының жауынгерлік даярлық курсына сәйкес өткізіледі.