Қазақстанның транзиттік әлеуеті зор

37
Фото Қазақстан теміржолшысы

Қазіргі аумалы-төкпелі геосаяси жағдайда қысқа және ұзақ мерзімді реформалардың маңызы зор. Қазақстан Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Қазақ елін халықаралық транзиттік дәлізге айналдыру жоспарын алға тартты. Бұл экономикалық тұрғыдан тұрғындардың тұрмысына тікелей әсер етері сөзсіз.

Халықаралық сарапшы Күршат Гүчті осылай деп санайды. Түрік саясаттанушысының айтуынша, Анадолы елі транзиттік әлеуеті жағынан Еуропа мен Азияны жалғап тұр. Бұндай мүмкіндік Қазақстанда да бар.

Күршат ГҮЧ, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы Қазақстанның тәуелсіздіктен кейінгі кезеңі мен болашақтағы бағдарына қатысты маңызды тұстарды айқындаған. Сіздің ел – Орталық Азиядағы қуатты елдердің бірі. Келешекте оның рөлін арттыруды мақсат еткен Тоқаев Қазақстанның экспорт, сауда көлемі мен экономикалық жағдайын үнемі өзгеріп жатқан геосаяси жағдайда жеткілікті емес екенін алға тартты. Күнделікті өзгеріп жатқан халықаралық қатынастарда Қазақстанның бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету керектігіне назар аударып отыр. Қазақстанның мүмкіндігін ескерсек, Қытай-Әзербайжан мен Түркия бағытын транзиттік дәлізге айналдыру идеясы өте бір сәтті жоба дер едім».