Оқиға 16 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында Әл-Фараби-Сәтбаев қиылысында болған. Кәмелетке толмаған бала скутерде келе жатып, Toyota Carina көлігімен соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota жүргізушісі жолдың оңнан солға қарай бөлігін кесіп өтіп, жасөспірім тізгіндеген скутерге соқтығысқан.
Оқиға салдарынан скутердің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.