Шымкент: Әкім мәселені шешуге кедергі келтіретін шенеуніктерге тоқталды

35

«Арамызда түйткілді мәселелерді шешуді қиындататын бюрократтар әлі де бар. Біз мұнымен күресеміз», – деді Шымкенттің жаңадан тағайындалған әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Шымкентте үшінші мегаполис әкімінің кездесуі өтіп жатыр. Бұл әкімнің сайланғаннан кейінгі халықпен алғашқы кездесуі болып отыр.

Ғабит Сыздықбеков Шымкентті дамыту тақырыбын қозғап, тұрғындардың сауалдарына жауап береді.