Түркістанда 48 көше жөнделіп жатыр

32

Түркістанда 65 шақырымнан аса жол жөнделіп жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар коммуналдық нысандарды қайта қалпына келтіру жұмысын жүргізу көзделген. Сондықтан өңір басшысы құрылыс алаңдарын аралады.

Күнгей шаһарда 48 көшеге орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 65 шақырымнан асады. Жолдар қала кептелісін азайту мақсатында 4 жолақты болып кеңейтілмек. Сонымен қатар, жол бойына жарықтандыру жүйесі, аяқжол, веложол, суағар, көпір салынады.

Сонымен қатар, қалада бірнеше ғимарат құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде маңызды коммуналдық нысандар бар. Сондықтан облыс басшысы құрылыс алаңдарын аралап қайтты.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: “Бұл жоба қала кептелісін азайтады. Сондықтан өте маңызды. Жұмыс барысы қалай жүріп жатыр? Асфальтты жөндеу жұмысын кешіктірмеңіздер”.

«Түркістан-Су» мекемесі 40 мыңға жуық қала тұрғынын ауыз сумен қамтып отыр. Онда 10 су жинағыш құрылғысы бар. Қазір оларды ағымдағы жөндеуден өткізіліп, жаңа сорғыш қондырғыларымен қамтамасыз ету көзделген.