«Жағдайы ауыр». Шымкентте 7 жасар қызды КамАЗ қағып кетті

181

Шымкентте КамАЗ жүк көлігі оқушыны қағып кетті. 7 жасар қыз шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер оған операция жасап, қазіргі таңда оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Оқиға 21 қыркүйек шамамен сағат 13.10-дарда «Асар-2» шағынауданында болған. Жол апатынан кейін жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген оқушыға екі аяғының ашық сынуы диагнозы қойылған.

Полиция мәліметінше, аталған факт «Жол қозғалысы ережелерін бұзған кезде адам денсаулығына ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.