856 шақырым жол пайдалануға беріледі

17

Елімізде бұрын реконструкция, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген 856 шақырым жол пайдалануға беріледі, – деп хабарлады көлік министрі Марат Қарабаев баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, биыл құрылыс-монтаждау жұмыстарымен жалпы 11 мың шақырым қамтылған.
«Халық тарапынан бірнеше автожол жобасына қатысты алаңдаушылық туындап отыр. Олардың қатарында Талдықорған-Өскемен, Астана-Алматы, Ақтөбе-Қандыағаш және Атырау-Астрахань жолдары бар. Биыл аталған автожолдардың бойында қозғалыс толық ашылады. Келесі жылы бұл жобалар толығымен аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі», – деді министрлік басшысы.
Көлік министрінің айтуынша, биыл Астана–Алматы, Атырау– Астрахань, Ақтөбе–Қандыағаш және Талдықорған–Өскемен автожолдарының бойында қозғалыс толық ашылады.