Доллар мен юаньға сұраныс артты

25

Қазақстандықтар рубль мен еуро сатып алуды азайтқан. Қазір доллар мен юаньға сұраныс артты.

Ұлттық банктің дерегінше, қыркүйек айында АҚШ валютасының айналымы 116 млрд теңгеге жетті. Ал қытайлық юаньді 129 млн теңгеге сатып алған. Былтыр сұраныс бұдан едәуір аз еді. Ал еуроның саудасы бір жылда 32 млрд теңгеден 13,8 млрд теңгеге дейін азайды. Ресейлік валютаға да қызығушылық төмендеді. Қазақстандықтар рубльді жаппай сатып жатыр.