Келер жыл Қытайда «Қазақстан туризмі» жылы болып жарияланды

18

2024 жыл  Қытайда ресми түрде «Қазақстан туризмі» жылы деп жарияланды. Осы ретте елімізге шығыстан саяхатшылар көптеп келеді деген болжам бар. «Ашық алаң» саяси ток-шоуында екі елдің қарым-қатынасын талқыланды.

Жыл сайын 150 млн-нан аса Қытай азаматы шет елдерде қыдырып, 250 млрд доллар жаратады. Бұл отандық туризм үшін үлкен мүмкіндік. Саяхатшыларды елге тарту үшін инфрақұрылымды жақсартып, әуе рейстерін көбейту керек дейді сарапшылар. Визасыз тәртіптің енгізілуі де барыс-келістің артуына ықпал етпек. Қазірдің өзінде еліміздің көрікті жерлерін тамашалау үшін аспан асты елінен туристер келіп жатыр.

Жақсыбек Құлекеев, қоғам қайраткері:»Қазір автобустар жетпей жатыр дейді. Шарынның айналасында, Көлсайдың айналасында туристер барып тоқтайтын, тамақ ішетін жерлер, дәретханалар барлығы өте жақсы деңгейде дайындалған. Қазіргі жетпей жатқан нәрсе соларды тасуға автокөліктер жетпей жатыр дейді».