Ойын бизнесінің салығы 30 пайызға дейін өсуі мүмкін

46
Тексеру барысында белгілі болғандай, казиноның негізгі «клиенттері» кәсіпкерлер болған

Ойын бизнесінің салығы 30 пайызға дейін өсуі мүмкін.  Бұл мәселе бүгін Үкімет сағатында талқыланып жатыр.

Жиын Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде салық саясатының және салықтық әкімшілендіруді жаңғыртудың негізгі тәсілдері мен тұжырымдамалық мәселелеріне арналған. Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаттары құмар ойындардың салығын сынға алған еді. Яғни, букмекерлік бизнестің табысы бес жылда 35 есе өскен.

Жыл сайын миллиардатаған табыс тауып отырған ойын саласының енді төлейтін салығы да өседі. Бұдан басқа, тиімсіз салық жеңілдіктерін оңтайландыру және олардың тиімділігіне мониторинг сапасын арттыру бойынша жұмыс жүріп жатыр.