Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістігі

236

2022 жылғы IMD World Digital Competitiveness Ranking әлемдік цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан әлемнің 63 елі арасында 36-орынға ие болды, деп хабарлады Finprom. Хабарламада ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында рейтингке тек Қазақстан ғана енгені аталып өткен.

Сонымен қатар рейтингте Қазақстан Еуропаның, Азияның және Американың көптеген елін – мысалы, Португалия, Италия, Венгрия, Хорватия, Үндістан, Польша, Румыния, Бразилия және Түркияны басып озды. Әдістеме цифрлық бәсекеге қабілеттілікті үш негізгі фактор бойынша анықтайды:білім;технологиялар;болашаққа дайындығы.

Цифрландыру саласындағы ең дамыған елдер – Дания, АҚШ, Швеция, Сингапур, Швейцария, Нидерланды, Финляндия, Оңтүстік Корея, Гонконг және Канада.