Úı ANONS Құрамында никотині бар электрондық темекі және вейп тәркіленді

Құрамында никотині бар электрондық темекі және вейп тәркіленді

фото Егемен.кз

Өскеменде өткізілген ЖІШ барысында құрамында никотин бар электрондық темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижеcі бойынша 8,5 млн теңге сомаға 2000-ға жуық құрылғы тәркіленді.

Осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБК-де жауапкершілік көзделген, санкция акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жаза көздейді. Материалдар сотқа жіберілді. Темекі өнімдері мен бір реттік электрондық темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасуда.
Дәрігерлердің зерттеулеріне сәйкес, вэйптер мен басқа құрылғыларды қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, есте сақтау, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді.