ҚР Судьялар Одағының Х спартакиадасы өз мәресіне жетті. Сайыс 8 спорт түрінен ұйымдастырылған. Онда 200 — ден астам қадағалаушы орган өкілі өзара үздіктерді анықтады.
Республикалық Судьялар Одағының Х спартакиадасы Түркістанда өтті. Спорттық сайысқа қадағалаушы орган өкілдері арасынан 17 команда қатысты.
2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі жарысқа 200-ден аса сот қызметкері қатысты. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған судьялар арасында футбол, волейбол, арқан тарту, бильярд, шахмат, үлкен теннис сынды спорт түрінен кіл мықтыны анықтады. Ал Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы барша қатысушыға алғысын білдірді.
Асламбек Мергалиев, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы: «Ұлттың саулығы, еліміздің амандығы. Біздің мақсатымыз қызметтегі тұлғаларды спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Бұқаралық спортты дамыту. Осы шараға қатысып жатқан барлық сот қызметкеріне алғысымды айтамын».
Спартакиадада кіші футболдан Түркістан облысының соттары екінші орынды еншілесе, үлкен теннистен облыстық судья Мадияр Ташев қола жүлдегер атанды. Бильярдтан жергілікті Құрманғали Дүйсебеков үшінші орынға ие болды. Ал, үстел теннисінен Түркістан облысы соттарының ойыншысы Даулетияр Машрапов жеңімпаз атанды.