Сарыағаш: 43 оқушы мектепке діни аттрибуттарының белгісі бар киім үлгілерімен келген

43

Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беру мекемелерінде 2023-2024 оқу жылының басында 43 оқушымыз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығында және білім беру мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген талаптарды орындамай діни аттрибуттарының белгісі бар киім үлгілерімен келген болатын. Бұл туралы Сарыағаш ауданы білім бөлімі хабарлаған болатын.

Қазіргі таңда Сарыағаш ауданының білім бөлімі мен Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерінің тиянақты жүргізген жұмыстарының нәтижесінде 33 оқушы міндетті мектеп формасына ауысты. Қалған 9 оқушының ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта нәтиже болмаса Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында білім алушылардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиісті шаралар қолданылатын болады.