Шымкенттік шенеуніктер 36 млн-нан астам теңгені талан-таражға салған

443

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімдігінің шенеуніктері 36 млн теңгені талан-таражға салған. Бұл жайтты аудандық прокуратура анықтаған.

Ведомство мәліметінше, әкімдік мердігерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеген. Атап айтқанда, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты мен ЖШС арасында «Жерлеу орындарын күтіп ұстау» бойынша келісімшарт жасалған.
Сонымен бірге 2021-2023 жылдары әкім аппараты пен аталған серіктестіктің арасында жалпы соммасы 37,9 теңгені құрайтын 18 мемлекеттік сатып алу шарттары түзілген.

  • «Тексеру барысында прокурорлар қарау және орындалған жұмыстардың актілеріне салыстыру жүргізіп, тапсырыс беруші іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға және жеткізілмеген тауарларға ақы төлеп, оларды қабылдағанын анықтаған. Аудиторлық тексеру қорытындысына сәйкес орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауар сомасы 36,1 теңгені құраған» деп хабарлады аудандық прокуратурадағылар.

Еңбекші аудандық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Оның өндірісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданған.