Синтетикалық есірткі сатумен айналысқан ер адам құрықталды

22

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында өткізілген арнайы операция барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды өткізумен айналысып жүрген тұрғынды анықтады.

Полицейлер ​түнгі уақытта Абай ауданының аумағында 24 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатты.
Кинология орталығының қызметтік итінің көмегімен Toyota Camry-дың жүк салғышынан ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес заттары бар скотчпен оралған үлкен пакет табылды. Сонымен қатар, жүргізушінің ұялы телефонында есірткі құралдары жасырылған орындардың координаттары анықталды.
Сараптама қорытындысымен, тәркіленген зат аса ірі мөлшер болып табылатын, салмағы 3 кг құрайтын “мефедрон” синтетикалық есірткісі екені дәлелденді.
Белгілі болғандай, ұсталған ер адам автокөлікті есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу мақсатында уақытша жалға алған.
Ол ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен күдікті деп танылып, қамауға алынды. Қазіргі таңда жайт бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.