«Тамаша әже» талайларды таңқалдырды…

30

Түркістан қаласында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тамаша әже» байқауы өтті. Шараға Отырар, Сауран, Шардара, Мақтарал, Жетісай, Келес, Созақ, Сарыағаш, кентаулық қарттар қатысты.

Аталған шараның мақсаты – тұрғындар арасында ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттау. Шараға қатысушылар баланы бесікке салу салтын орындаудан және ұлттық аспаптарда ойнап, ұлттық киім үлгілерін дайындау бойынша жарысты.
Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды түркістандық Күлгін Айымбетова еншілесе, 2-орынды Шардара ауданының қатысушысы алды. Ал 3-орынға келестік әжелер тобы ие болды.
Байқауда қалалық «Әжелер алқасының» төрайымы Айғаным Серім, қалалық «Аналар алқасының» төрайымы Ұлжан Мұстафаева, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ардагерлер мен мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жүргізу» бөлімінің маманы Шолпан Абилдаева және қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар»бөлімінің басшысы Дана Джитбаева қазылық етті.