Бүгін Астанада халықаралық форумы өтіп жатыр. Оның аясында жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық өндірушілер арасында жалпы құны 58 млрд теңгеден асатын бірнеше ұзақ мерзімді оффтейк-келісім-шарттар жасалды.
Ал шарада сөз сөйлеген ел премьер-министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, бизнеске қойылатын артық талаптар қысқарып жатыр. Мысалы, қазірдің өзінде 9 мың теріс талап кеміген, енді жыл соңына дейін тағы мың ереже жойылмақ. Бұл форумға отандық жер қойнауын пайдаланушылар, халықаралық инвесторлар мен сарапшылар келген.
Ең басты мақсат – тараптар арасында диалог орнату және сол арқылы өндірістің өрісін кеңейту. Ал, премьер-министр сөз соңында бизнес өкілдерін өндірістерді локализациялау үшін белсенді жұмыс жасауға шақырды.