Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Шымкенттегі №6506 әскери бөлімінің асханасында 13 сарбаздың улануына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Іс бойынша асханашы Қылмыстық кодекстің «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабымен айыпталған.
«2025 жылы 27 қаңтар сағат 07:00 шамасында Алмаш Қозыбақова №6506 әскери бөлімінде орналасқан асхана заттарын өңдеуге және залалсыздандыруға арналған суды дайындау кезінде «Део-Хлор» дезинфекциялық құралды аз мөлшерде ертіп, аталған ертіндімен асхана заттарын өңдеген. Соның салдарынан бұл заттар жеткілікті түрде залалсыздандырылмай, санитариялық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзып, абайсызда сарбаздардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан»
СОТ КАБИНЕТІ ЖҮЙЕСІ
Сот кабинеті жүйесіндегі дерек бойынша, сарбаздар сол күні жаппай ауырған. Олар ішек инфекциясын жұқтырып, денсаулықтарына жеңіл дәрежелі зиян келтірген. Сот айыпталушыны кінәлі деп танылы. Ол 1 жылға қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айрылды. Бірақ рақымшылық заңы қолданылып, жазадан босатылды.
Дилара Иса







