Шымкентте әкімдік қызметкерлері кәсіпкерге кедергі келтіргені үшін жазаланды

342

Шымкентік шенеуніктер жергілікті кәсіпкерге кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылды.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне шағымданып, жергілікті кәсіпкер жүгінген. Оның айтуынша, шенеуніктер бірнеше ай бойы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы соманы қайтаруды негізсіз кешіктірген.

«Департаменттің араласуынан кейін жауапты мемлекеттік қызметшілерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, бұзушылықтар расталды. Тиісті тұлғалар жазаланды» делінген ведомство мәліметінде.

Нәтижесінде ЖШС шотына 11 млн теңге көлеміндегі шартты қамтамасыз ету сомасы қайтарылды.