19 жасар көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

47

Маңызды жолда өзге көліктерге авариялық жағдай туғызған жүргізуші жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіден екі жолақты жолда қос сызықты басып өткен көлікті анықтады. Жол ережесін бұзған «ВАЗ-21060» маркалы көлігінің жүргізушісі жергілікті тұрғын, 19 жасар жігіт болып шықты.

“Аталған жайт бойынша құқық бұзушы жас жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен «Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттарды сотқа жолданды.”,- дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Сот 19 жасар жүргізушіге 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Ал автокөлік айыптұраққа қойылды.