Шымкент әкімі есірткі және лудоманиямен күрес қалай жүріп жатқанын айтты

481

Шымкентте синтетикалық есірткі және лудомания мәселесі өзекті. Жауаптылар бұл түйткілмен күресудің жолдарын қарқынды жүргізуде. Тіпті қалада есірткі тәуелділігін алдын алу туралы фильм де түсірілген.

Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде айтты.

«Бұл қазіргі таңда өкінішке орай, өте маңызды. Көп көтерілетін сұрақтардың бірі, ондай мәселе біздің қалада да бар. Жалпы бұл жұмыс әрдайым менің тікелей бақылауымда. Тиісті құқық қорғау органдары, сол салаға жауапты мекемелер осы қылмыстың болдырмау жолдарын іздеумен айналысып жатыр. Одан бөлек мектеп, колледж және жоғары оқу орындарындағы жастармен бұл мәселелердің зияндығы бойынша бірнеше кездесулер өткізіліп, түсіндіру шаралары жүргізілді. Жастардың жүрегіне лудомания мен есірткілікке қарсы сезімді ұялату бойынша арнайы «Бақыт кілті» деген кино түсірген болатынбыз»,-деді Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетсек, Шымкент басшысы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасап, тілшілер сауалына жауап берді.