Шымкентте ХҚКО қызметкерлері келушілерге шоколад пен кәдесый таратты

404

Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында Тәуелсіздік күніне орай акция өтті.

Таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған тұрғындарға «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті. Мемлекеттік корпорациядағылардың айтуынша, дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.

Шымкентте бір жыл ішінде 70 мыңнан астам адамға алғаш рет жеке куәлік берілді. Деректерге сәйкес, көбінесе жас азаматтар маусым айында мемлекеттік қызмет алуға өтініш білдірген. Айта кетейік, қазақстандықтар жеке басын куәландыратын бұл құжатты 16 жасында алады.
«Елдегі басты мерекелердің бірі қарсаңында біз алғаш рет жеке куәлік алып отырған жас қазақстандықтарды атап өткіміз келді. Құжатпен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды да табыс еттік. Бұл жастарды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Шоколад пен жалаушаларды таратқан ХҚКО қызметкерлерінің айтуынша, кәдесый алған жастар таң қалып, қуанып қалды. Оларды мемлекеттік корпорация қызметкерлері ғана емес, басқа қызмет алушылар да құттықтады.