Таргет жарнамасы арқылы несие алуға көмектесемін деп алаяқтық жасаған…

17
фото ken-zhyloi.kz

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Жәбірленуші жас қыздың айтуынша, белгісіз біреу «таргет» жарнамасы арқылы ірі көлемде несие алып беремін деп сеніміне кіріп, өз қызметі үшін алдын ала 40.000 теңге ақшалай қаражатын алған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл әрекет етті. Барлық қажетті шараларды іске асырып, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 20 жастағы жұмыссыз келіншек жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, ұсталған күдікті әйел заңсыз әрекетке оңай жолмен ақша табу үшін барғаны анықталды. Алған ақшаны өз пайдасына жаратып жіберген.
Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.