18 қаңтардан 19-на ауған түні православтық дін өкілдерінің қасиетті шоқыну мерекесі тойланады. Сол себепті жыл сайын мыңдаған шымкенттік Қошқар ата өзеніне суға түседі. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметкерлері сақтық шарасын сақтауға шақырады.
18 қаңтардан 19-на қараған түні православтың дін өкілдері арасында Құдайға шоқыну мейрамы өтеді. Осыған орай қалада төтенше жағдай департаментінің 15 қызметкері тұрғындар қауіпсіздігін бақылайды. Мамандардың сөзінше үшінші мегаполисте Қошқар ата өзеніне ғана суға түсуге рұқсат етілген.
«Әл-Фараби ауданындағы Қошқара ата өзенінде суға түсуге болады. Одан басқа жерге рұқсат етілмеген. ТЖД қызметі ұсынған жерде ғана шомылыңыздар. Оған қоса ішімдік ішуге қатаң тыйым салдынады» — дейді Шымкент қаласы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Әуесхан Серік.
Түнде ауа температурасы минус 4 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондықтан дін өкілдері сақтық шарасын қатаң сақтауға кеңес берді. Және сағат түнгі 12-ден асқан соң шіркеуге келіп, қасиетті суды құтыларға толтырып алуға болатынын айты.
«Күн салқын болады. Сондықтан балаларыңызды әкелетін болсаңыздар абай болыңыздар. Өзіңізбен жылы, ауыстыратын киім алып келуді ұмытпаңыз. Ал түнде шіркеуге келіп, қасиетті суды құйып алуларыңызға болады. Ол суды кейін, жыл бойына емдік мақсатта қолдана аласыз. Негізі көп су құйып алудың қажеті жоқ. Қажет кезінде құтыға құйып алған судан, басқа суға кішкене тамызсаңыз жеткілікті. Ол су өзі қасиетін жылдар бойы сақтасаңызда жоғалтпайды» — дейді Шіркеу мен қоғам арасындағы қатынастар бөлімінің бастағы Александр Могилевский.
Төтеншеліктер рұқсат етілмеген жерде суға түсу қауіпті екенін түсіндірді. Егер ондай жағдай анықталса, 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады.