Ақша бопсалап, көлігін тартып алған

Шымкент-Самара тас жолында бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды. Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, ер адам құрылыста істейтін танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған. Сондай-ақ, күдікті оның «BMW» маркалы көлігін заңсыз иемденген. Қазір бұл жайт бойынша тергеу жүргізіліп оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент-Самара тас жолы бойында қомақты ақша бопсалап, автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады.  Күдікті бұған дейін тонау мен заңсыз қару сақтаумен сотталған. Түркістан қаласының 28 жастағы тұрғыны – құрылыс жұмыстарымен айналысатын танысынан 1 млн теңге көлемінде ақша бопсалап, оның БМВ маркалы автокөлігін заңсыз иемденгені анықталды. Қазіргі уақытта полицейлер бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті қамауға алынды”,- деп мәлімдеді ТО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғалымбек Тұрысбеков.