«Рульде 17 жасар жігіт отырған»: Шымкентте полицияның заңды талабына бағынбаған жүргізуші ұсталды

20

Патрульдік полицейлер түнгі уақытта Төреқұлов көшесінің бойында жарық шамын қоспай жүріп бара жатқан Toyota Camry 75 маркалы автокөлігін тоқтатты. Алайда тізгіндеуші тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, жылдамдықты асырып, қашып құтылуға тырысқан. Полицейлер жол апаты жағдайларының алдын алып, оны дереу құрықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Нәтижесінде, заң бұзушы Тәуке хан даңғылының бойында ұсталды.

Тексеру барысында оның кәмелет жасқа толмағаны анықталды.
Аталған жайтқа қатысты әкімшілік кодекстің «Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның полицияның заңды талабына бағынбауы», «Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту», «Жүргізушінің авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, жол жүру қағидаларын бұзуы» және «Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның қарсы бағытқа шығуы» бойынша хаттамалар толтырылды.
Көлік айыптұраққа қамалды.