Түркістандық жігіт тапа-тал түсте тұрғынды пышақпен қорқытып, ақша талап еткен

535

Түркістанда тал түсте жас жігітті пышақпен қорқытып, ақша талап еткен азамат қолға түсті. Полиция хабарлауынша, күдікті қамауға алынды.

Жәбірленушінің айтуынша, досының үйіне жаяу бара жатқан оны көшеде сағат 14.00 шамасында белгісіз жігіт қорқытып, 200 мың теңге талап еткен. Жас жігіттің қалтасында ақша болмағандықтан күдікті оның ұялы телефонын алып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ретінде 27 жастағы тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда ер азамат қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.