Республикалық «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының басталғанына екінші күн. Бүгін Шымкент қалалық полиция қызметкерлері Абай ауданында рейд жүргізді.
Оксана, Шымкент қаласының тұрғыны: «Осындай жағдайда тұрамыз. Балам аурушаң, бас проблемалары бар. Бізге азық-түлік жағынан көмек көрек. Осылай келіп көңіл бөліп жатқандарыңызға рақмет. Бәрі түзеледі деп үміттенемін»
Оксананың отбасы Ішкі істер органдарына 2023 жылдың қазан айынан бері есепке алынған. Себеп, оның 2007-ші жылғы баласы сабақтан жиі қалады екен. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау үшін тексеріс жүргізіп тұрамыз дейді.
Мұрат Балқыбек, Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының бөлім бастығы:
«Абай ауданына қарасты осындай қолайсыз отбасыларды аралап жатырмыз. Мынау кезекті үйіміз. Отбасылық жағдайын өздеріңіз көріп жатырсыздар. Мұның барлығы кәмелетке толмағандар арасында құқық-бұзушылықтардың орын алмау мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар»
«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – отбасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Және мас күйінде жасалатын қылмыстың жолын кесу. Департамент қызметкерлерінің сөзінше, рейд жүргізілген екі күн ішінде құқықбұзушылық тіркелмеген.
Қуат Асқарұлы, Шымкент қаласы Абай ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары:
«Абай ауданы полиция басқармасының есебінде 1092 тұлға тұрады. Бұл іс-шараның 2 тәулігінде 298 тұлға тексеріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жайсыз отбасылар учаскелік инспекторлардың қатаң бақылауында болатынын ескертемін»
Айта кетейік, «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы қаңтардың 21-іне дейін жалғасады.