Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді ескертеді. Оларда алкоголь өнімдерін сақтау және өткізу бойынша тиісті лицензиясы болуы тиіс. Заңсыз әрекетке барған жеке кәсіпкерлерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463 бабына сәйкес алкоголь өнімдері тәркіленіп, 15 АЕК бастап 150 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.
Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы аудан аумағында орналасқан сауда орындарын аралап, алкоголь өнімдерін сататын жеке кәсіпкерлерге заң талаптарын түсіндіруде.
Асхат Жүнісбаев, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары: «Бүгінгі бізде өткізіп жатқан іс-шарамыз Әл Фараби ауданына қарасты салық төлеу дәмхана, мейрамхана, супермаркет, дүкендерде алкаголь өнімін сақтау және бөлшек сауда айналысатын салық төлеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз, яғни заңды құжаттардың болуы, лицензияның ол лицензияның қандай жағдайда алынуы, қайдан алынуы, алу үшін қандай құжаттарды рәсімдеу керек екендігін бәрі жеткізілуде. Егер заңсыз айналысқан жағдайда оларға шаралар да қарастырылады. Оны да біз айтып түсіндіріп жатырмыз. Біздің мамандарға консультацияға жүгінуге болатынын жеткізіп жатырмыз. Мұндай шаралар бізде үнемі жүргізіліп отырады».
Қала тұрғыны Рәзия Әшірбаеваның саудамен айналысқанына 25 жыл болыпты. «Алкоголь өнімдерін сатуда заң бұзбасаң, ешқандай проблемалар туындамайды»,- дейді.
Рәзия Әшірбаева, сатушы: «Лицензиямен жұмыс істеп жатырмын. 25 жыл көлемінде. Тек қана заңды арақтарды сатамыз».
Әл-Фараби ауданында алкоголь өнімдерін сататын 450-ге жуық сауда орындары тіркелген. Олар талаптарға сәйкес жұмыс істеуде. Алайда заңсыз әрекетке баратындар да бар. Мәселен, өткен жылы алкогольді сатумен заңсыз айналысқан 10 кәсіпкерден 8 781 бөтелке өнім тәркіленіп, 1 725 000 теңге көлемінде айыппұл салынды
Талғатбек Саттаров, Әль-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер баскармасының бас маманы: «Аталған талаптар сақталмаған жағдайда «ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463 бабына сәйкес, алкоголь өнімдері тәркілене отырып, 55 380 теңгеден , 15 АЕК, бастап 553 800 /150 АЕК/ мөлшерінде айыппұл қарастырылған».
Мамандар түсінду жұмыстары жалғасатынын айтады. Лицензия рәсімдеу үшін жеке кәсіпкерлер Төлеби көшесі, №22 мекенжайда орналасқан Әл Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады немесе 53-01-59, 8 702 769 95 69 телефондары арқылы анықтама алуға болатынын хабарлайды
Ақжарқын Мықтыбекқызы, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университеті
“Журналистика” мамандығының 2-курс студенті