Ел аумағындағы ауылдарды дамытуға 900 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров хабарлады. Қаржының басым бөлігі инфрақұрылымға жұмсалмақ.
Нұрлан Байбазаров, Ұлттық экономика министрі: «Дәл қазір республикамызда 6256 ауылдық елдімекен бар. Ел халқының 38,4 пайызы, яғни 7 млн 600 мың адам ауылдарда тұрады. Жыл санап урбанизацияның күшейіп келе жатқанын да статистикадан байқауға болады. Енді қаржыландыру бойынша. Биылдың өзінде ауыл инфроқұрылымына 900 млрд теңге бөлінгенін айттық. Одан бөлек, инвесторлардың құятын қаржысы да бар. Кей ауылдарда кәсіпкерлердің ақшасы мемлекет бөлген қаржыдан 3 есе көп. Үкімет басшысы Олжас Бектенов бөлінген қаржыны тиімді жұмсау қажет екенін ескертті. Егер биыл толық игерілмесе келер жылдан бастап қаржы қысқаратынын айтты. Жалпы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және Өңірлік стандарттармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, бірқатар жүйелі іс-шара қабылдап жатырмыз дейді. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдады және іске асыруда. Алдағы шығарылымдарда толықтырып айтамын».