Ипотека: «Отау» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

36
фото atr.kz

Бүгін, 1 наурызда  «Отау» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Бағдарлама аясында 9 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға қарыз алуға болады. Шарттары бойынша, алғашқы жарна баспана құнының 20 пайызынан кем болмауы тиіс.

«Отау» ипотекалық  бағдарламасына 18 бен 63 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Оларға қойылатын талап, «Отбасы банкте» 1 млн. теңге көлемінде депозиті болуы керек. Сондай-ақ соңғы бес жылда атында үй болмауы міндетті. Өтініш қабылдау 30 сәуірге дейін жалғасады.