Мас хәлдегі жүргізушіні көлікті қисалаңдатып тізгіндеуі ұстап берді

30

Шымкентте патрульдік полиция ауыр жүк көлігінің қатысуымен болуы мүмкін апаттың алдын алды. Мас хәлдегі жүргізушіні көлікті қисалаңдатып тізгіндеуі ұстап берді. Көлік құралын полицейрлер Бердіқожа көшесінде тоқтатты.

Рулде болған ер адам масаң күйін жоққа шығаруға тырысты, алайда медициналық куәландыру нәтижесі керісіншесін дәлелдеді.
ҚР ӘҚБтК-не сәйкес құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Полиция көлікті мас күйде басқару – қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін өте қауіпті заң бұзушылық екенін ескертеді, сондай-ақ жолдағы апаттарды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.